Metabo KT 18 LTX 66 BL Operating Instructions - Page 28

қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

Page 28 highlights

4 130°C 6 7 8 I 5 30 9 28

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40

28
бөлшектермен тартылуы мүмкін.
д)
Шаңсорғыш және шаңжинағыш құрылғыларды
орнату мүмкін болғанда, оларды жалғап дұрыс
пайдалану керек.
Шаңсорғышты пайдалану кезінде
шаң зиян келтіруі мүмкін.
е)
Электр құралын біраз уақыт пайдаланған соң
онымен таныс болсаңыз да, қауіптер туралы
ешқашан ұмытпаңыз және электр құралы бойынша
қауіпсіздік ережелерін бұзуға әрекеттенбеңіз.
Абайсыз әрекет ету бірнеше секундта ауыр
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
4
Электр құралын пайдалану және оған күтім
көрсету
а)
Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз.
Жұмыс істеу үшін осыған арналған электр
құралдарын ғана пайдаланыңыз.
Жарамды электр
құралымен аталған қуаттылық диапазонында жақсырақ
және сенімдірек жұмыс істейсіз.
ә)
Ажыратқышы зақымдалған электр құралын
пайдаланбаңыз.
Қосуға немесе сөндіруге келмейтін
электр құралы қауіпті болып табылады және жөндеуге
жатады.
б)
Құрылғыны реттеу, керек-жарақтарын ауыстыру
немесе электр құралын сақтауға орналастыру
жұмыстарын жүзеге асырмас бұрын штепсельдік
ашаны розеткадан суырыңыз және/немесе
алмалы-салмалы аккумуляторлық батареяны
шығарып алыңыз.
Осы сақтық шарасы электр
құралының абайсыз іске қосылуына жол бермейді.
в)
Пайдаланылмайтын электр құралдарын
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Осы
нұсқауларды оқымаған немесе олармен таныс
емес тұлғаларға электр құралын пайдалануға
рұқсат бермеңіз.
Электр құралдары тәжірибесіз
тұлғалардың қолында қауіпті болады.
г)
Электр құралдарына және керек-жарақтарға
мұқият күтім көрсетіңіз. Қозғалмалы бөлшектерінің
мінсіз жұмыс істеуін, электр құралының
функцияларына әсерін тигізуі мүмкін қажалудың
және сынған немесе зақымдалған бөлшектердің
болмауын тексеріңіз. Электр құралын пайдаланар
алдында зақымдалған бөлшектері жөнделуі тиіс.
Көптеген жазатайым оқиғалардың себебі – нашар күтім
көрсетілген электр құралдары.
ғ)
Кескіш құралдарды өткір және таза күйде
ұстаңыз.
Мұқият күтім көрсетілген және кескіш
жиектері өткір болатын кескіш құралдар сирек
қысылады және оңайырақ бағытталады.
д)
Электр құралын, керек-жарақтарды, жұмыс
құралдарын және т.б. осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Бұл ретте жұмыс шарттарына және
орындалатын әрекеттерге назар аударыңыз.
Электр құралдарын олардың пайдаланылуы үшін
көзделмеген басқа әрекеттерді орындау үшін
пайдалану қауіпті жағдайларды тудыруы мүмкін.
е)
Тұтқалар мен тұтқаны ұстайтын беттерді құрғақ,
таза және майсыз күйде ұстаңыз.
Жылпылдақ
тұтқалар мен тұтқаны ұстайтын беттер күтілмеген
жағдайларда электр құралын қауіпсіз пайдалануға
және бақылауға жол бермейді.
5
Аккумуляторлық құралды пайдалану және оған
күтім көрсету
а)
Аккумуляторлық батареяларды тек өндіруші
ұсынған зарядтағыш құрылғылармен зарядтаңыз.
Аккумуляторлық батареяның белгілі бір түріне
арналған зарядтағыш құрылғыда басқа
аккумуляторлық батареяларды зарядтаған кезде өрт
қаупі туындайды.
ә)
Электр құралдарында тек оларға арналған
аккумуляторлық батареяларды пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторлық батареяларды пайдалану
жарақаттану және өрт қауіпін тудыруы мүмкін.
б)
Пайдаланылмайтын аккумуляторлық батареяны
контактілердің түйісуін тудыруы мүмкін
түйреуіштер, тиындар, кілттер, шегелер,
бұрандалар немесе басқа да шағын металл
заттардан алшақ ұстаңыз.
Аккумуляторлық батарея
контактілерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке апарып соғуы мүмкін.
в)
Қате жолмен пайдаланған жағдайда
аккумуляторлық батареядан сұйықтық ағуп кетуі
мүмкін. Мұндай жағдайда аккумуляторлық
батареяға тимеңіз. Жанасқан жағдайда сумен
шайып шығыңыз. Сұйықтық көзге тиген жағдайда
дәрігерден жәрдем сұраңыз.
Аккумуляторлық
батареядан шыққан сұйықтық терінің тітіркенуіне
немесе күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
г)
Зақымдалған немесе өзгертілген аккумуляторлық
батареяларды пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе
өзгертілген аккумуляторлық батареялар күтілмеген
әрекет етіп, өрт, жарылыс немесе жарақаттану қаупін
тудыруы мүмкін.
ғ)
Аккумуляторлық батареяға өрт немесе тым
жоғары температура әсерін тигізбеңіз.
Өрт немесе
130°C шамасынан жоғары температура жарылысқа
апарып соғуы мүмкін.
д)
Зарядтау бойынша барлық нұсқауларды
орындаңыз және аккумуляторлық батареяны
немесе аккумуляторлық құралды ешқашан
пайдалану бойынша нұсқаулықта белгіленген
температуралық диапазоннан тыс зарядтамаңыз.
Қате зарядтау немесе белгіленген температуралық
диапазоннан тыс зарядтау аккумуляторлық батареяны
зақымдап, өрт қаупін арттыруы мүмкін.
6
Сервистік қызмет көрсету
а)
Электр құралы тек қана білікті қызметкерлер
тарапынан және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен
жөнделуі тиіс.
Осылайша электр құралының
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.
ә)
Зақымдалған аккумуляторлық батареяларды
жөндеуге әрекеттенбеңіз.
Аккумуляторлық
батареяларға техникалық қызмет көрсету бойынша
барлық жұмыстар тек қана өндіруші немесе өкілетті
қызмет көрсету орталығының тарапынан орындалуы
мүмкін.
7
Жөндеудің барлық түрлері:
Кепілдік талонында көрсетілген ережелерге сәйкес
ақаулықтың пайда болу сипатына байланысты
электрлік немесе механикалық бөлшектерді кепілдік
бойынша немесе кепілдіксіз жөндеу, мерзімді
диагностикалау.
8
Сынақ жүргізу:
Электр құралын сертификаттау кезінде жүргізіледі, әр
жөндеудің соңында қайта жүргізіледі: дұрыс
құрастырылғанын тексеру – сыртын тексеру және
номиналды кернеуге қосылған электр құралының
ажыратқышын үш рет қосу және өшіру:
- тексеру кезінде іске қосу және тоқтату ақаулығы
болмауы тиіс;
- жерге тұйықтау тізбегінің дұрыстығын тексеру (I
класты электр құралы үшін);
- оқшаулаудың электрлік төзімділігін сынау;
- кемінде 30 мин ішінде жұмыс режимінде іске қосу;
9
Жөндеу:
Жөндеуден кейінгі кез келген техникалық қызмет
көрсету, жөндеу және тексеру жұмыстары тек өкілетті
қызмет көрсету орталықтарында, білікті қызметкерлер
тарапынан орындалуы қажет, бұл ретте қолмен